Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы қыздар Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық спортшы қыздар Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді

21 шілде күні Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды,  Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. Бүгін тағы 10 таеквондошы жарысты бастайды.
22 шілде 2019 ж. 687 0