Ел қоржынына алғашқы медаль - қола жүлде түсті

Балуандардың белдесулерінде мажар, түрікмен, әзербайжандық дзюдошыларды тізе бүктірген, оларға қоса, қола жүлде үшін болған кездесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты жеңген Сұңғат Жұбатқанның кеудесіне қола медаль тағылды.
28 шілде күні басталып, 8 тамызға дейін созылатын аталмыш универсиадада 90 қазақстандық студент спорттың түрлі салалары бойынша бақ сынасады.