Головкиннің Қазақстанға не үшін келетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы бұл туралы әлеуметтік желісіне жазды.
Айта кетейік, 10 қыркүйекте Астанада Қазақстан - Солтүстік Ирландия кездесуі өтеді.
Жақында үйімізге ораламыз. Ең алдымен, футболдан ұлттық құрамамызды қолдап, жанкүйерлер жанынан табыламыз, - деп жазды Головкин.
Еске сала кетейік, Головкин 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Саул Канело Альвареске ұтылғаннан кейін рингке шықпады. Көп ұзамай GGG орта салмақтағы WBA, IBF және IBO әлем чемпионы атақтарын босатты.