Азиада-2023: Ел қоржынына тағы бір күміс түсті

Галина Дуванова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Джиу-джитсудан 57 келі салмақта әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде Филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орынға ие болды.