Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйінші! Шахмат шебері Ақылжан Мейірханұлы әлем біріншілігіне жолдама алды

Сүйінші! Шахмат шебері Ақылжан Мейірханұлы әлем біріншілігіне жолдама алды

Түркістан қаласында шахматтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткізілген ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Ала тақтадағы аламанда аудан намысын қорғаған Ж. Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейінің оқушысы Ақылжан Мейірханұлы шаршы тақтаның «классика» түрінен қарсылас шақ келтермей І орын алса, «Рапид» түрінен жүлделі ІІ орынға ие болды. Ақыл ойдың додасына еліміз бойынша 400-ге жуық ойынша қатысқан.
Осыған дейінгі байрақты бәсекелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген оқушымыз Бразилияда өтетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.
Шәкіртімізді жарқын жеңісімен құттықтай отырып, әлемдік аренадағы жарыс жолына сәттілік тілейміз!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 қаңтар 2024 ж. 2 082 0