Бүгін Қазақстанның хоккей құрамасы АҚШ-пен кездеседі

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.
Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр.
Қазақстан мен АҚШ кездесуі сағат 19.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін 6 мәрте кездесті. Оның барлығында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына есе жіберді.
Одан кейін ел құрамасы 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.
Сурет: ашық дереккөз