«МЮ» ШАБУЫЛШЫСЫ ЛУКАКУ ӨЗ ҮЙІН КӨРСЕТТІ (ФОТО, ВИДЕО)

«PlayStation ойнаған кезде мен «Реалды» таңдаймын. Сол үшін көптеген проблема туындайды…» депті ойыншы. Футболшының сондай-ақ жеке аспазы бар. Олар өзара француз тілінде сөйлеседі.
Жалпы, Лукаку жеті тіл – француз, ағылшын, португал, испан, дат, неміс және лингала тілдерін меңгерген. Сөреде сэр Алекс Фергюсонның кітабы және мұқабасында Франческо Тотти басылған FourFourTwo журналы тұр. Ойыншы смарт тоңазытқышты аса көп пайдаланбайды. Есесіне үстел теннисі залына жиі кіріп тұрады.
aikyn.kz