Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда волейболдан республикалық турнир бастау алды

Аралда волейболдан республикалық турнир бастау алды

Бүгін №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебінде волейболдан 2010-2011 жылдары туылған ұлдар және 2012-2013 жылдары туылған қыздар арасында республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Спорт додасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігінің 90 жылдығы аясында және облысқа белгілі спортшы Асхат Ахановты еске алуға арналды.
Аталмыш турнирге аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов сөз алып, волейболшы Асхат Өмірзақұлының өмір жолына тоқталып, жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң, Қазақстан «Спартак» дене тәрбиесі-спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гатин Рашид белгілі спортшының жетістіктіктері өскелең ұрпақ үшін үлгі екендігін айтып, командалардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді.
Спортшының ағасы Өрекешов Толыбай барша қонақтар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас волейболшыларға сәттілік тілеп, марқұмның жақындарының атынан жылы лебізін жеткізді.
Республикалық жарысқа Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Түркістан аймақтарынан және облысымыздың барлық аудандарынан командалар қатысып, бақ сынайды.
Айта кетейік, еске алу турнирі 2002 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
26 ақпан 2025 ж. 44 0