Теннистен үздіктер анықталды

Жуырда «Нұр-Әлем» теннис орталығында теннистен турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатына Арал аудандық білім бөлімінің әдіскері Асхат Қожамберлиев, №220 мектеп директорының орынбасарлары Биғазы Қонысбаев, Қуаныш Әбішов, аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов, орынбасары Абай Елешов сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып, сайысқа аудандық спорт және туризм бөлімі мен аудандық білім бөлімі ұйтқы болды. Әнуар Қуатбекұлы Тараздағы «Парасат» колледжін дене тәрбиесі және кәсіби спорт мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Ақтөбе мемлекеттік университетінен жоғары білім алып шыққан. Қапшағайдағы №32363 Аэроұтқыр десанттық әскери бөлімінде қарулы күштер құрамында әскери борышын өтеді. Еңбек жолы қаладағы №71 мектептен басталып, №220 орта мектепте жалғасты.
Талай мәрте үстел теннисінен аудан мәртебесін қорғап, шәкірттерін облыстық жарыстарға әзірлеген азаматтың еңбегі ескерусіз қалмады. Көптеген сайыста топ жарып, алғыс хат пен құрмет грамоталарына қол жеткізді. Асық ату сайысында да, «Алтын күз-2021» спартакиадасында да мықтылығын мойындатты.
Екі күнге созылған сайыс нәтижесінде І орын №62 орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрдәулет Ордабаевқа бұйырды. Ал ІІ орынды №71 орта мектеп мұғалімі Руслан Нұрғазиев, ІІІ орынды №220 орта мектеп мұғалімі Алтынбек Ізмағанбетов еншіледі.
Сонымен бірге «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша №262 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Аралхан Төлегенов, «Жас ойыншы» номинациясы бойынша №283 орта мектептен Нұрғиса Әзиев, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша №14 мектеп-лицейден Ерсұлтан Үмбетқазиев, «Жігерлі ойыншы» номинациясы бойынша №82 орта мектептен Айдар Әмишаев биіктен көрінді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің дипломы, турнирге қолдау көрсеткен отбасы, бауырлары тарапынан қаржылай сый-сияпат табысталды.
А.ЖАЙШЫЛЫҚ