Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық дзюдошы қыз дүниеден озды

Қазақстандық дзюдошы қыз дүниеден озды

11 сәуір күні дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады. 

- Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл біздің спортымыз үшін орны толмас қайғы. Мұндай қиын сәтте біз сіздермен біргеміз, - деп қайғыны естіртті.

Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы. 2017 жылы Ташкентте өткен әлемдік Гран-При кезеңінде қола жүлдегер атанған. 2018 жылы Ақтауда өткен Азия кубогының күміс жүлдегері.
massaget.kz
12 сәуір 2019 ж. 784 0