Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрбан Айт мерекесіне орай кіші футболдан достық турнирі өтті

Құрбан Айт мерекесіне орай кіші футболдан достық турнирі өтті

Арал ауданында мешіт жамағаттары арасында Құрбан Айт мерекесіне орай кіші футболдан достық турнирі өтті
2025 жылғы 4 маусым күні Арал ауданында ерекше рухани және спорттық мәнге ие шара – мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Бұл бастама Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра-орда» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жүзеге асты.
Тартысты додаға аудан аумағынан 6 команда қатысып, әрқайсысы ұйымшылдықтың, татулықтың және спорттық шеберліктің жарқын үлгісін көрсетті. Турнир барысында ойындар достық пен түсіністік аясында өтіп, жамағаттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
Турнир нәтижесі бойынша «Алаш» командасы жеңімпаз атанып, 100 000 теңге көлеміндегі бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды «Олимпик» командасы иеленіп, 70 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталды. Ал үшінші орынды «Тілеген бокс клубы» командасы жеңіп алып, 50 000 теңгелік жүлдеге қол жеткізді.
Сонымен қатар, жарысқа белсенді түрде қатысқан «Город», «Арлан» және «Ихсан» командаларына ынталандыру мақсатында 10 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуі – жамағаттар арасындағы ынтымақтастықты арттыру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жасалған маңызды қадам. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

"Толқын" ақпарат
05 маусым 2025 ж. 51 0