БАҚ қызметкерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті

Спорттық шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов, "Сыр медиа" ЖШС-нің бас директоры М.Аралбаев сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттады.
Сонымен тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды "Меншікті тілшілер" командасы иеленсе, ІІ орын "Қызылорда телеарнасы" командасына бұйырды. Ал ІІІ орынға "Сыр медиа" командасы лайық деп танылды. Осы турнирге белсене қатысқаны үшін "Толқын газеті" командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Турнир барысында ерекше ойынымен көзге түсіп, жарысты тартысты ете түскен ойыншыларға түрлі номинациялар табысталды.
Осылайша жағжайдағы шағын футбол журналистердің достық байланысын нығайта түсті. Жарыс жеңімпаздарына арнайы марапаттар табысталып, командаларға сертификаттар берілді.

