Қазақстандық балалар әйгілі футбол жұлдызы Мессимен кездесті

Сондай-ақ Ақмарал Әмірееваның жазуынша, Барселонада Месси Әлиді өте жылы қабылдаған. "Сол сәттегі қуаныш пен шаттыққа толы көңіл-күйді жеткізу мүмкін емес. Осыншама жоғары деңгейдегі футбол жұлдызы өзін өте қарапайым ұстады және Әлиге жылы шырай танытып, ұдайы құшақтаумен болды",-деп жазды Әлидің анасы.

«Ол өзінің жұмысының тығыздығына қарамастан бізді назарынан тыс қалдырмады. Оған біздің алғысымыз шексіз»,-дейді Әлидің анасы.