Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатында топ жарды

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмеді.
Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті.
Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.
Сурет: olympic.kz