Емельяненко Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізуі мүмкін
38 жастағы ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко қыркүйектегі кездесуін Нұр-Сұлтан қаласында өткізуі мүмкін деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.Бұл туралы Gorilla Fighting Championship ұйымының президенті Александр Гурьянов айтып берді.
"Біз тамыз айында өтетін жарысты Краснодарда немесе Нұр-Сұлтанда ұйымдастырмақшымыз", — деді ол.
Айта кетейік, ресейлік спортшы бразилиялық файтер Луис Энрикемен 10 мамырда Самара қаласында кездесуі керек болған.
Бірақ Емельяненко жарақатына байланысты турнирден бас тартты.










