Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионаты: Бүгін 4 боксшымыз алтын үшін жұдырықтасады

Азия чемпионаты: Бүгін 4 боксшымыз алтын үшін жұдырықтасады

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында финалға шыққан 4 боксшымыздың қарсыластары белгілі болды.
Кеше, 25 сәуір күні «Сары құрлық» додасында жартылай финалдық кездесулер өтті. 1/2 финалға барлығы 11 қазақстандық боксшымыз (ерлер, әйелдер) шыққанын жазған болатынбыз. Жекпе-жектердің нәтижесінде ақтық сынға 4 спортшымыз сүрінбей өтті, қалғаны қола медальдарды қанағат тұтты.
Атап айтқанда, «алтын» үшін 60 келі салмақтағы қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин монғолиялық  Цендбаатар Эрденебатпен, 75 келі салмақтағы  Тұрсынбай Құлахмет үндістандық Ашиш Кумармен, 81 келі санаттағы Бек Нұрмағанбет Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен бақ таластырады. Ал Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.
Азия чемпионатының финалдық кездесулері бүгін, 26 сәуір күні өтеді. Оны тікелей эфирден ҚР Бокс федерациясының сайтынан көруге болады, басталу уақыты - сағат 12.00-де.
https://reactor.inform.kz
26 сәуір 2019 ж. 1 003 0