Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионаты: ММА бойынша қазақстандық 12 спортшы жартылай финалда

Азия чемпионаты: ММА бойынша қазақстандық 12 спортшы жартылай финалда

Азия чемпионатында ММА-ден 12 жекпе-жектің 11-і біздің спортшылардың жеңістерімен аяқталды. Бангкоктағы (Таиланд) ММА-дан Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 13 елден келген қарсыластарын ойсырата жеңді.  Чемпионаттың жартылай финалына Әділхан Аязбаев, Дархан Өмірбеков, Дастан Амангелді, Олжас Молдағалиев, Еламан Шалқымбеков, Анатолий Золотых, Мәжит Сардаров, Неймат Асадов, Айдын Төлепбаев, Александр Вал, Мади Досмұхамедов және  Александр Дя өтті. ММА-ден Қазақстан чемпионы Еламан Шалқымбеков Азия чемпионатында Бахрейннен келген Абдулманап Магомедовты жеңіп қана қоймай, терең бассейнге батып бара жатқан Үндістанның азаматын құтқарып, өзінің батылдығымен тағы бір есте қалды. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жаңа құрылым - Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан ММА аралас жекпе-жек дедерациясы, аралас жекпе-жек ұлттық федерациясы, панкратион және грэплинг, NOMAD MMA федерациясы кірді.
Ақпарат көзі: prosports.kz
https://24.kz/kz
03 мамыр 2019 ж. 1 098 0