Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

14 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Ахмади Маханов ITF юниорлық турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық теннисші Ахмади Маханов Қытайдың Чэнду қаласында өткен ITF World Tennis Tour Juniors J60 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Финалда 14 жастағы спортшы Қытай Тайбэйінен келген К. Маоны 6:2, 6:4 есебімен екі сетте сенімді түрде жеңді.

Бұған дейін Маханов халықаралық деңгейде де көзге түскен. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол Tennis Europe Tour ұйымының «Жылдың шетелдік ойыншысы» сыйлығына ие болып, Еуропадан тыс аймақтағы үздік жас теннисшілердің бірі ретінде танылған.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 
03 мамыр 2026 ж. 33 0