Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымындағы жоғары қызметке үміткер
Қазақстан ҰОК президенті Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті қызметіне кандидаттар тізіміне ендіҚазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Азия және Еуропа бойынша вице-президенті қызметіне ресми түрде кандидат ретінде тіркелді.
Головкиннің кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігі бойынша қажетті тексеру рәсімдерінен өткен.
Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің атынан ISSA-ның 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитеті сайлауына кандидат ретінде тіркелді, – делінген ҰОК хабарламасында.
Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық олимпиада комитеттерін біріктіреді. Қауымдастықтың басты спорттық шараларының бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.
Геннадий Головкиннің кандидатурасы бойынша сайлау 2026 жылғы 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.
Егер Головкин сайланған жағдайда, ол аймақтағы олимпиадалық спортты дамытуға және халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты шешімдер қабылдауға қатысады.
Ақпарат көзі: baq.kzФото: baq.kz









