Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚМЕШІТ КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

АҚМЕШІТ КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы “Almaty CUP” республикалық турнирі өтті. Чемпиондар кубогы сарапқа салынған жарысқа 9 команда қатысты. Олардың арасында Қызылорда журналистерінен құралған Ақмешіт командасы да бар.
Жарыс “Қайрат” футбол академиясының алаңында ұйымдастырылды. Атырау, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Семей облыстарынан келген командалар екі топқа бөлініп, кубокты сарапқа салды.
Жартылай финалда Шымкент пен Семей, Қызылорда мен Тараз командалары кездесті. Ақтық сында Ақмешіт командасы Семейге 0-1 есебімен есе жіберіп, екінші орынды еншіледі. Ал, үшінші орынды Шымкент командасы қанағат тұтты.
Ақмешіт командасының капитаны, Ұлттық арнаның Қызылордадағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов турнирдің “Үздік сұрмергені” номинациясын иеленді.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі 

06 қыркүйек 2026 ж. 42 0