Қаламгерлерден құралған “Ақмешіт” командасы жеңіспен оралды

Команданы қалаға кіре беріс қақпадан қызылордалық жанкүйерлер, әріптестер, достар ерекше қуанышпен қарсы алды. Олардың қатарында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омар да болды. Барша жұрт чемпиондарға ыстық лебіздерін білдіріп, жеңіс қуанышын бірге бөлісті.
Бұл жеңіс - тек футболдағы жетістік емес, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел намысын бәрінен биік қойған азаматтардың жеңісі. “Ақмешіт” командасы бұл табысты Қызылорда қаласының 100 жылдығына арнады.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі