Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Деонтей Уайлдер өз отандасын екі минутта нокаутқа түсірді

Деонтей Уайлдер өз отандасын екі минутта нокаутқа түсірді

Америкалық боксшы Деонтей Уайлдер суперауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғадыОл өз отандасы Доминик Бризилмен АҚШ-тың Бруклин қаласындағы Barclays Center аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты.  Жекпе-жек 12 раундқа есептелген, алайда біріншісінде-ақ аяқталды. Боксшылар шаршы алаңда 2 минут 20 секунд қана жұдырықтасты. Осы уақыттың ішінде Уайлдер қарсыласын нокаутқа түсірді.  Кәсіпқой бокста 42 кездесу өткізген Деонтей Уайлдер осымен 40-шы рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Сондай-ақ, ол чемпиондық атағын тоғызыншы рет сәтті қорғады.

19 мамыр 2019 ж. 569 0