Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Роза Абитова Израильдегі халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Роза Абитова Израильдегі халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды. Ол үздік үштік қатарына енді, - деп хабарлайды Olympic.kz.  Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді.  Сондай-ақ ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын иеленді.  Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында - болгариялық Татьяна Воложанина.
30 мамыр 2019 ж. 590 0