Джошуа сенсациялық түрде нокаутпен ұтылды

Жекпе-жектің басты оқиғалары үшінші және жетінші раундтарда болды. Үшінші раундта Джошуа қарсыласын нокдаунға жіберген. Алайда Руис қарымта шабуыл жасап, британиялықты екі рет құлатты. Ал жетінші үш минуттықта Руис Джошуаны тағы екі рет нокдаунға жіберген, рефери жекпе-жекті тоқтатып тастады.
Осылайша, Руис төрт ұйымның тұжырымы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды.