Отандық боксшылар Польшадағы турнирде 5 медаль еншіледі
Польшаның Гданьск қаласында олимпиада чемпионы Зыгмунт Хыхланы еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды,
Шаршы алаңда Ресей, Беларусь, Украина, Франция, Германия, Словакия, Венгрия, Голландия, Польша, Чехия, Латвия мен Қазақстаннан барған 97 боксшы жүлделерге таласты.
Біздің былғары қолғап шеберлері екі алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Самат Жетібаев (52 кг) пен Нұрлан Сабиров (81 кг) турнирдің жеңімпаздары атанса, Нұрым Ділшат (64 кг), Мәулен Өскенбек (69 кг) және Дарын Имаханов (75 кг) күміс жүлдегерлер атанды.
https://baq.kz