Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Альварестің промоутерлері ресейлік Ковалевқа тым аз гонорар ұсынды

Альварестің промоутерлері ресейлік Ковалевқа тым аз гонорар ұсынды

Жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың промоутері Кэти Дува Ковалев өз клиентінің Сауль Альвареспен кездеспейтінін айтты,

Дуваның айтуынша, Альварестің промоутерлері мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін Ковалевқа тым аз гонорар ұсынған.
«Көп келіссөз жүргізілді. Бірақ Golden Boy-дағылар көңіл көншітерлік ештеңе ұсынған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Дэниэл Джейкобс «Канеломен» жұдырықтасқаны үшін 15 млн доллар алды, сыбыстарға сенсек, Геннадий Головкинге 25 млн уәде етілген. Ал Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу үшін Джаррелл Миллер 6,5 млн алуы тиіс. Джошуаны АҚШ-та тіпті жұрт танымайды да. Осыларды көргеннен кейін ойланасың да. Сергей «Канеломен» кездесер-ақ еді, бірақ Golden Boy мен DAZN бұған шындап кірісуі керек қой», - дейді промоутер World Boxing News-ке берген сұхбатында.
https://baq.kz
06 шілде 2019 ж. 516 0