"Қазағымды сағынып тұрамын": Елеусінов Қазақстаннан қандай жағдай болса да көшпейтінін айтты

«Барлық нәрсе мінсіз бола бермейді. Әрқайсымыздың өзіміздің пікіріміз бар. Дегенмен де өз көзіммен көрген, білетін нәрселерімді ғана айтып жүруім керек деп ойлаймын. Бір айта кететін мәселе бар. Маған әлеуметтік желіде көмек сұрап жазатын адамдар көп.
Бірақ мен меценат немесе үлкен бизнесмен емеспін. Осы орайда, елімізде медицина саласын дамыту керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, халыққа емделуге жеңілдік керек шығар. Арасында сауап болсын деген ниетпен көмектесіп тұрамын. Сауапты іште сақтау керектігін білгендіктен, көп айта бермеймін», - дейді Данияр Елеусінов.