Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есту қабілеті нашар спортшы шахматтан Еуропа чемпионатында жеңіске жетті

Есту қабілеті нашар спортшы шахматтан Еуропа чемпионатында жеңіске жетті

Украинаның Львов қаласында 15-21 шілде аралығында есту қабілеті төмен спортшылар арасында шахматтан Еуропа чемпионаты өтті. 

Біріншілікке 20 мемлекеттен 20-ден астам адам келді. Атап айтқанда, Белорусь, Хорватия, Чехия, Эстония, Англия, Германия, Голландия, Израиль, Қазақстан, Латвия, Молдова, Румыния, Португалия, Польша, Сербия, Словения, Словакия, Швеция және Швейцария.
Қатысушы командалардың саны бойынша бұл біріншілік тарихтағы ең ауқымдылардың бірі болды.
«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық мектептің спортшысы қола медальға ие болды. Алия шахматтан ҚР СШҮ, 2019 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдергері, 4-5 рет республикалық жарыстарда медальдарға ие болды. Спортшы үшін келесі кезең қысқы Сурдолимпиадалық ойындар, олар Италияда 12-21 желтоқсан аралығында өтеді. Шахмат бұл жарыстың бағдарламасына алғаш рет еңгізілген», - дейді ұйымдастырушылар.
https://baq.kz
22 шілде 2019 ж. 936 0