Әлем чемпионы атағын қорғау үшін барымды саламын - Қайрат Ерәлиев

Қайрат Ерәлиев сынға түсетін 56 келі салмақ дәрежесі бүгінде жарыс бағдарламасынан алынып қалды. Ол енді 57 келіде бақ сынайды.
"Өзімнің бұрынғы салмағымдағы қарсыластарымды жақсы танимын. Олардың барлығы да 57 келіге ауысқанына күмәнім жоқ. Ал 60 келіден ауысатын жігіттер болса, оларға да дайынмын. Өйткені, көптеген боксшыларды танып қалғанмын. Менің ең басты мақсатым - жақсы нәтиже көрсету", - дейді Қайрат Ерәлиев.
Еске сала кетейік, Қайрат Ерәлиев 2017 жылы Гамбургте өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын.
https://kaz.tengrinews.kz/boxing/alem-chempionyi-atagyin-korgau-ushn-baryimdyi-salamyin-300825/