Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин-Деревянченко бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын екінші жұп белгілі болды

Головкин-Деревянченко бокс кешінің андеркардында жұдырықтасатын екінші жұп белгілі болды

Беларусь боксшысы Иван Баранчиктің (19-1, 12  КО) келесі жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Бұл жолғы қарсыласы – пуэрторикалық Габриэль Брасеро (25-3-1, 6 КО), деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай орташа салмақтағы жекпе-жек Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың титулдық айқасының андеркардында өтетін болады. Боксшылар IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы белдігіне таласады.
Бұған дейін алдағы шоудың андеркардының алғашқы жұбы анықталғанын атап өту керек. Рингке америкалық Чарльз Конуэлл (10-0, 7 КО)  мен Патрик Дэй (17-3-1, 6 КО) шығатын болады.
  Сондай-ақ, аталмыш кеште рингке жеңіліп көрмеген қазақстандық Әли Ахмедов (15-0, 11 КО), америкалық Брайан Себальо (10-0, 5 КО), өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов (3-0, 3 КО), сондай-ақ, кәсіби рингтің дебютанты Джозеф Уорд шығады. Олардың қарсыластары кейін белгілі болады.

09 қыркүйек 2019 ж. 656 0