Ковалев пен Альварес алғаш рет көз арбасты
Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Allboxing.
Көз арбасу рәсімі Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихаты кезінде болды. Титул үшін жартылай ауыр салмаққа көтерілейін деп отырған 29 жастағы "Канело" бұл карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болатынын айтты. "Қазір біз тарихқа енуге дайынбыз. Қолымнан не келетінін рингте көрсетемін", - деді Альварес.
Ал 36 жастағы Ковалев қарсыласын қазіргі уақытта бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп бағалады. "Бұл карьерамдағы үлкен сынақ деп ойлаймын. Жекпе-жекті қуана әрі тағатсыздана күтіп жүрмін. Қолдауларыңызға рақмет", - деді ресейлік боксшы.
https://kaz.tengrinews.kz/boxing/kovalev-pen-alvares-algash-ret-koz-arbastyi-301216/