Қазақстан туралы сұраққа жауап берді

Ол өзінің сүйікті тағамы деп киевтік котлетті атады, ал сүйікті фильмі "Бэтмэн. Возвращение темного рыцаря" картинасы екен. Жақсы көретін алкогольсіз сусыны - кофе мен су.
Vesti.kz мәліметі бойынша, баспасөз мәслихаты кезінде МакГрегордан қазақстандық ММА туралы сұраған.
"Қазақстаннан шыққан ММА файтерлерін білмеймін. Қазақстанда бокстың ғажап дамығанын, терең тарихы бар екенін білемін. Еркін күрес те солай. Бірақ қазақстандық файтерлерді көргенім есімде жоқ. Егер мені шақырсаңыздар, Қазақстанға мүмкін барып қалармын", - деді МакГрегор.
Конор МакГрегор соңғы рет 2018 жылы қазанда жекпе-жек өткізген. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған еді. Ирландиялық спортшы енді 24 қазанда Мәскеуге ұшып барады.