Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаш, алты алаш, жүз атаулары қайдан шықты?

Алаш, алты алаш, жүз атаулары қайдан шықты?

 aikyn.kz Қазақ ес білгелі өздерін атамыз Алаштан танған емес. Ендеше сол Алаш деп жүргеніміз кім?
  Ежелгі Қытай жылнамаларында, бүкіл түрік халқының шығу тегі туралы аңыз бойынша, аты-жөні мәлімсіз жау қолынан аман қалған 9-10 жасар баланың қос қолы шабылып, қалың ну қамыс арасына тастап кетеді. Кейін сол жаралы баланы күтіп-баптап қамқоршы болған бөрі сол баладан ұрықтанып, 7-8 бала дүниеге әкеледі делінген. Солардан тараған 7-8 ұрпақтың біреуінен қазақтар (тиграхауда сақтары), хаомоварга, парадария сақтарынан бауырлас ұлыстар қырғыз, өзбек, қарақалпақ, башқұрт, ноғай тарайды. Қазақтың аузынан түспейтін алты алашы осылар.
   «Ашин-қасқыр, бөрі» деген сөз (Гумилев 22б),  қытайша – «були», түрікше – «бөрі», ал моңғолша – «шани-шона» түрі бар дейді. (Гумилев) Бұл арада «чино» - «шани» екі сөз бір мағынада «бөрі» болуы керек. Шона – сол бөрінің аты. Қазақта төрт-түлік малдың иесінің аты бар. Қой – Шопан ата, жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, түйе – Ойсыл қара. Олай болса, түріктің Ашины, қазақтың Алашы бөрінің аты, есімі. Біздің жорамалымыз бойынша: қазақтың Алашы мен түріктің Ашины бір ұғым – Алаш.
Түріктер тарих сахнасына мұнда б.д. 5 ғ. Қытай атауымен Ту-кю-Ту-гю болып шықты. Содан бері өздерін «Ашин» ұрпағымыз деп келеді. Ал «Алаш» атауы арғы дәуірдің 3 ғ. бері сақ-қассақ-қазақ болғалы бірге жасап келеді. Моңғолдардың тым ертедегі алғашқы ханының есімі Бөрі Шона аталған. (Бичурин). Қазақтарда да Шона есімді адамдар болған. Теле тайпасының пайда болуы жөнінде де тап осындай аңыз бар: «Һундардың белгілі ханы қыздарының бірін бөріге қосады. Сол бөрі Теле тайпасының түпкі атасы болады» (Гумилев).
   Үйсіннің ұлы тұлғасы Елжау би: «Әкесі Нәнді би жау қолынан қаза тапқанда, жаңа туған Елжау би ен далада қалады. Оны құстар ет әкеліп беріп, көк бөрі емізіп, асырайды» (Бичурин). Бөрінің басы бейнеленген байрақты көргенде Сүйінбай ақынның делебесі қозып: «Бөрі басы ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым», дейтіні бар. Қазақта ежелден келе жатқан кілең тақымы мықты, қайратты, салт-атты жігіттерден құралған, ұлттық көкпар деген тартыс ойыны бар. Көк бөрілер тартысы, көк бөрі – көкпар тікелей бөрілерге байланысты шыққан. Осы ойын арқылы сонау көне заманнан бері өздерін бөріден тарату, бөріге теңеу, оны пір тұту, ұрпақтарын өжеттікке баулу, рухын жігерлендіріп, намысын ояту көк бөрілерге еліктеу болған. Көкпар емес – көк бөрі. Көк бөрілердің жемтігін аулаудағы айла-тәсілді күштілерін анықтау – тартысын көрсету.
   «Олардың түрлі ата тек, үрім-бұтаққа бөлуіне қарамастан өмір салты, әдет-ғұрпы, дәстүрі арқылы бір тұтас бүтін болып табылады». (А.Г Бамбери, Орта Азия очерк, 1868 ж, 182 – 183 бет). Осыншама Ғұндар атанған алып көшпенділер Ғұн империясының халқының басым көпшілігі бір тілде, бір дінде, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бір, өзінше өркениетті мәдениеті бар бір ұлт өкілдері болатын. Демек, қазақ халқы ұлт ретінде арғы дәуірде толық қалыптасып үлгерген. «Олардың  (Қазақтардың кейбіреулері өздерінің ұлтын «Хасақ» дегенмен, басым көпшілігі руынын атымен атайды)». ( «Брокауз – Ефром» т. 29 1895г). Қазақ ұлтынан бұрын жүз – ру – атасын атаудан бүгінде тайған емес. Тарих беттерінде ұлт атауынын тым сирек кездесетін сыры осында деп білген жөн. Енді халқымыздың Жүз атануына келер болсақ: Біздің болжамымыз бойынша  қазақтың үш жүзге бөлініп аталуы арғы дәуірдің ІІ-І ғасырында толық қалыптасып үлгерген. Олай дейтініміз, жоғарыдағы Тиграхауда сақтарынан өрбіген үш сақ тайпалары Асхатағ, Исседон, Аримасып арғы дәурдің 3 ғасырында тарих бетінде аталмайды. Олардың орнына қазақтың ежелгі үш ұлыс аталары жарыққа шығады. Үйсін, қаңлы, арғын, алаң т.б. болып. Жүздік құрылым аталастар одағы осы тұста қалыптасты деуге келеді. Әр жүз ұлыстар сол ата-жұртында өсіп-өніп, туыстық бірліктері нығайып, салт-дәстүрі, тілі, наным-сенімі, әдет-ғұрыптары тұтастыққа айналды.
   Асхатағ, Исседон, Аримасып атты сақтар арғы дәуірдің 3 ғасырында ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, алаңдар болып тарих бетіне танымал бірнеше ұлыстарға ыдырайды. Міне, осы аралықта Қазақтың 3 жүзі, Ұлы-Орта-Кіші жүздер туыстық-бауырлас одақтар қалыптаса бастады. Осы үш сақ тайпаларынан үш жүз ұлыстар өрбиді. Әрбір ұлыс-ру аталарға жіктеліп, солардың атымен аталған. Сақ (парсы), скиф (грек), сә (қытай) бұл атаулар сырттан таңылған кірме, лақап аттар. Ежелгі қазақ шежіресінде атамыз Алаш, Алаштан - Қазақ, Қазақтан - Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, осы үш ұлдан Ұлы-Орта-Кіші жүз аталары тарайды. Тарихи деректерде: «Жалпы сақ (тегі аңыз бойынша – Алаш-бөрі), сақтан - тиграхауда, одан исседон, асхатағ, аримасып сақтары өрбиді. Шежіремен тарихи дерек ұқсастығы келіп тұр. Көшпенділердің адам санын аңықтау онша қиындық тудырмаған. Түтін санын  «шаңырақ» орташа төрт-бес санға көбейтіп жан санын аңықтаған. Б.з.д ІІ-І ғ. қытай деректері бойынша, үйсіндер 120 мың, қаңлылар 100 мың түтін (шаңырақ) деп көрсетіледі. Қытайлықтар жан санынан бұрын шаңырақ «үй» саның көрсетуіне қарағанда, халқымыз бірінші кезекте жан санынан бұрын түтін санын, қойған. Бертін, ұлт болып қалыптасқанға дейін, одан кейін де, осы жүздік жүйе маңызын жойған емес. Күні кешеге дейін қарттар «пәлен атадан пәлен шаңырақ, түген атадан түген шаңырақ бармыз» деп түгендеп отыратын. Жүз атану әрбір ұлыстардың түтін «шаңырақ» санының өсу көрсеткішінің белгілі шегі, өйткені ол аралықта сандардың ен жоғарғы мөлшері жүзден аспаған. Одан артық сан қолданыста жоқ. Жүзге жуық, жүз шақты, жүздін үсті, жүздің төңірегі, жүзден асалмай шектеліп қалуы сондықтан.
ХІІ ғасырда Шыңғысханның ордасында ұзақ жылдар Испан елшілігі қызметін атқарған Клавихо былай дейді.  «Мын-кол  в переводе с кипчаксого тысяча рук. Потому что, они не знали привышаюших число тысяча». Жүздің мыңға жеткенше өзгермей ұзақ тұрақтап, үш ұлыстың үш жүз болып тең аталуының сыры осында болар. Іле өзені мен Шу өзені алқабына Тарбағатай тауына дейінгі жерлерді мекен еткен сақ тайпаларын ежелгі грек авторлары «исседон» деп атаған. (Көне қазақ тарихы 1993 ж, 53 б). Қазақтың ұлы жүз ұлыстары осы исседон сақтарының ұрпақтары болып келеді. Әйгілі орыс ғалымы Малов «үйсін» деген ел атының 8 ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде барын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исседондармен туыс екенін айтады. (Қазақ-совет энциклопедиясы 2 том, 401 б).
    Аримасып сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары Асалар немесе Алаңдар – кіші жүз ұлыстарының арғы аталары болып келеді. Олай болса, Ғұндар құрамындағы орта жүз аталары, Арғын, Қоңырат, Найман, Қыпшақ, Керей, т.б. – Асхатағ сақтарынан болып шығады.
Демек, жүз әр әулеттің түтін санының шегі. Алдымен, ру аталар, жүздер бірлестігі содан кейін ұлт қалыптасты. Арғы дәуірдің II ғасырыңда саны 2,5 миллионға жеткен халықтың үш жүз болып аталуы алғашқы қауымдастықта қалыптасып үлгерген.
Қалмахан Шекеев,
Еңбек ардагері,
Тарих зерттеуші
21 қараша 2019 ж. 2 055 0