"Степлаг" лагері алдағы 4-5 жылда тып-типыл болуы мүмкін
Кезінде 6 мыңдай саяси тұтқын жазасын өтеген "Степлаг" лагерінің орны бүгінде қирап жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол туралы Дархан Мұқан өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған.
"Мұнда 1954 жылы 16 мамыр 26 маусым аралығында тұтқындардың жаппай көтерілісі болып, күшпен жанышталғаны белгілі. Лагерь контингентін негізінен украиндар мен литвандар құраған. Деректерде көтерілісті басуға 1500-нан астам әскери, 100 шақты ит, өрт сөндіру машиналары мен танкілер қатысқаны айтылады" - деп тарихи орындарды сақтап қалуға қатысты бірнеше ұсыныстарын жеткізді.
Біздің айтпағымыз-басқа. Осы тарихи орын жойылып барады. Алдағы 4-5 жылда тып-типыл болуы да мүмкін. 70-жылдары лагерь аумағына түрлі өндірістік нысандар орын тепсе, кейін жеке кәсіпкерлерге жер учаскелері берілген. Осының барлығын жүйелеп, құжаттарын дұрыстап даладағы музей ашу жағын ойластыру керек. Кәсіпорындарға реті келсе басқа аумақтан орын берілсе. Сөйтіп, толықтай болмаса да лагерьдің біраз бөлігін қалпына келтіріп, "Долинка" сияқты тарихи-туристік орталыққа айналдыруға болады. Кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар лагерь аумағындағы пайдаланылмай жатқан учаскелерін мемлекетке қайтарса, үкімет осының тиімді тетіктерін ұсынса. Ол игі іске Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын министрлік бастамашы болып, заңнамалық-құқықтық мүмкіндіктерді қарастырса деген тілек бар.
Раушан Қапарова басқаратын Жезқазған тарихи-археологиялық музейі осы орынға қаладағы №8, 13 мектеп оқушыларын апарып, танымдық-тарихи экскурсия жасатты. Тарих ғылымдарының кандидаты, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің профессоры Тұрғанбек Алланиязов оқушыларға Кеңес одағындағы лагерьлер жүйесі, "Степлаг" тұтқындары мен мұндағы режимдік ерекшеліктер туралы әңгімеледі.
1954 жылы 16 мамырда қылмыстық баптармен сотталған тұтқындар осы жерде қабырғаны бұзып, әйелдер пунктінің аумағына өтпек болған
Степлаг — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан ССРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және ССРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. Степлаг-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру еді.
Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды.
https://www.qamshy.kz