Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Латын әліпбиінің нұсқасына өзгеріс енгізілді

Латын әліпбиінің нұсқасына өзгеріс енгізілді

Латын әліпбиіне көшудің төңірегінде айтыс-тартыс әлі де жалғасуда. Мамандардың сөзінше, латынды оқығанда емес, жазуында кедергілер жеткілікті. Солардың бірі акут пен ноқат. Жалпы тіл жанашырларының аталмыш мәселеге қатысты ұсыныстар. Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың бір твитінен кейін тіл-жанашырлары 1 айдан бері латын қәріпіне қатысты кейбір түзетулерді қолға алып, жанталасқаны белгілі. Әліпби төңірегіндегі дау-дамайдың ұласуына бірнеше себеп бар. Оның бірі өскелең ұрпаққа жаңа әдістемелік мәселелерді талқылау,сондай-ақ халық қабылдамай жатқан әріптердің жазылу үлгісін жетілдіру. Нақтырақ айтсақ акуд пен ноқаттың қойылуы. «Осы 2021 жылға дейін бәрін пысықтап алуымыз қажет. Қазір көшенің жазуы ауысқан, ол 1-сыныпта емес 2-сыныпта басқа әліпбиімен оқытса сонда қиын болады. Қайта-қайта жиналып пікір алысып жатырмыз. Ғалымдардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Ол ғылымдар арасында бір мәмлеге келу керек болып тұр», — деді Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық ортылығының директоры Ербол Тілешов. Тіл комитетінің төрағасының сөзінше, бүгінгі күнге дейін шамамен 15-20 ұсыныс қарастырылған. Әзірге тек оның төртеуі ғана жүзеге асырылуда. Ең қуантарлығы, оған тек тіс қаққан филологтар ғана емес жас тіл мамандары да ат салысқан. «Бізде біршама кемшіліктер бар. Танат Аяпова, Құралай…мамандар айқындады. Оны біз сол нұсқаны түсіндірдік. 4 алфавитпен шектеліп жатқан жоқпыз. 15-20 шақты келіп түсті. Бәрімен кездесіп, талқылауға әзірміз. Келесі жылдың ортасына дейін халыққа көрсетеміз», — дейді МСМ тіл саясаты комитеті төрағасы Ғалымжан Мелдешов. Кирилицадан енген Ш, Қ, К, У, І әріптері де ғалымдардың бір мәмілеге келуге кедергісін келтіруде. Осыған байланысты ғалымдар жан-жақтан мынадай өз ұсыныстарын айтуда. Біреуінің басына ноқатты қою, сода олардың бас әріпі ажыратылады. СОнымен бірге ескерптелер келіп түскен әріптердің таңбасы ол у әріпінің таңбасы. У әріпнің таңбасы умляуттың үстінен акут қою арқылы жасалған. Акут қоюсыз жасалған умляуттың өзі қазақ тіліндегі қысаң ы дыбысына алынған. Сонда біз ауыл деп жазған кезімізде бір ған умляю, акут акутсыз үшеуі тұрады. Сөйтіп жұртшылықтың көз шалымға өте қолайсыз. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр», — дейді Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық ортылығының ғалымы Анар Фазылжан. Одан бөлек, қазіргі балабақша мен мектеп табалдырығын аттаған балаларға жаңа латын әліпбиіне көшудің түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылып жатыр. Осы орайда ғалымдар оған психо-лингивистикалық тұрғыдан жолын табу керек деген пікірде. «1-сыныптағы баланың жазуы оның 2 жастағы ауызша сөйлеуімен тең. Енді сондай балаға мына әліпбиді үйретейін деп жатырмыз. Емле ережесін сол қалпында үлкен күйінде бере салуға болмайды. Баланың жас ерекшелігін онық қабілетін, өзінің жиі қолданатын лексикаларын реттеп құрал жасауымыз керек. Әйтеуір жаттап ал, ана тілінде болмау керек», — дейді ф.ғ.д., профессор Тағат Аяпова. Акуд пен ноқаттың айналысындағы тартысқа қашан нүкте қойылатыны белгісіз. Десе де филологтар мен ғалымдар келесі жылдың ортасына дейін президент тапсырған кейбір түзетулерді реттеп, халыққа таныстыруды жоспарлауда.4
20 қараша 2019 ж. 1 526 0