Ұлы істердің бастауында ұстаз тұр

Аралдағы №220 қазақ орта мектебі. Сан саланың тізгінін ұстаған талай шәкірттің шырағын жағып, үлкен өмірге жолдама берген қасиетті де киелі қара шаңырақ. Қалам ұстауды үйретіп, оң-солын тануға жәрдемдескен құтты мекен. Аймақтың ғана емес, қазақтың намысын қорғап жүрген атпалдай азаматтардың бас иіп, тағзым етер құдіретті орны. Осындай мақтауы келіскен орданың шын мәнінде «білім ұясы» деген ыстық атқа ие болуына ең басты себепкерлер – осы мектептің ұстаздары... Нағыз ұстаздар... Айбынды Аралдың мерейін асқақтатуға өзіндік үлес қосып, түлектерінің саналы да саламатты ұрпақ болуы жолында өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаған да солар...
Олардың барлығының да атын атап, небір жылы сөздер айтуға тұрарлық. Осындай мезетте сол қадірлілердің алғы шебінде сап түзейтіндердің қатарында – қарт Бөгеннің бар қасиетін бойына жинаған, бір кездері Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі дәрежесін алып, ширек ғасырдай жан-жүрегі мектеппен біте қайнасқан КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Аға мұғалім», «Еңбек ері» Күләш Қаласова апайымыз оқ бойы озық тұр.

Ұстаз құдіреті. Сөздің киесі. Жан жүрегің шымырлап, оған өзіңше үн қатқың келіп, десе де құмыққан үнің шықпай, тек телміріп, әдебиетшінің бірінен кейін бірі жымдасып, өріле жөнелген әрбір сөзін қалт жібермей, кірпік қақпай үнсіз тыңдайсың, ұйисың...
«Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болу шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» деген дана сөзін негізге алсақ, қазақ тілі мен әдебиеті жолында өзіндік ойып алар орнымен дараланатын ұстаз Күләш Қаласованың қажетті білімді қажетті кезінде берген жан екенін айтқымыз келеді. «Егер сен биікке шыққың келсе, тек өз аяғыңмен ғана шық. Басқалардың сені биікке көтеріп шығуына жол берме! Басқалардың арқасына жабыспа, басқалардың желкесіне мінуші болма» деген неміс ойшылы Фридрих Ницшенің сөзіне жүгінсек, табан ақы, маңдай терімен ғана есімі елеулі, тегі қалаулы асылдарымыздың қатарында біздің Күләш апайымыз да бар.

Сыр өңірі педагогикасытарихында ойып орын алар тау тұлға марқұм ағайымызЖеткерген ағаның ұстаздық сара жолының да, киелі ошағының да шырағын өшірмегенөзіңіз – біз үшін әрқашан кемелсіз.
Қазақ білімі мен ғылымынақосқан үлесіңізаз емес, қосарыңызодан да көп болсын. Сіз барсыз. Сіздің жарқын ісіңіз бар. Біз соған қуанамыз. Осы ісіңіздің аяқталмауынтілейміз.
Асыл ҚОЖАБАЙҚЫЗЫ,
ҚорқытатаатындағыҚМУ оқытушысы
ҚорқытатаатындағыҚМУ оқытушысы