Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 1 қарашасына қарай негізгі көрсеткіштер бойынша қорытындыны жариялады. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,6 трлн теңгеге жетті. Олардың ішінде:- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша – 10,3 трлн теңге;- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша – 238,0 млрд теңге;
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша – 1,9 млрд теңге болды.
2019 жылдың 1 қарашасына қарай жарналардың барлық түрі бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 10,6 млн бірлікті құрап, жыл басынан бері 2 пайызға өсті.
2019 жылдың 10 айы ішінде салымшылар Қорға жарналардың барлық түрі бойынша 799,9 млрд теңге аударған. Осылайша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жоғарыда аталған түсім мен инвестициялық табыстар есебінен жыл басынан бері 13 пайызға өсті. Ал өткен бір жылдың ішінде, яғни 2018 жылдың 1 қарашасындағы көрсеткішпен салыстырғанда жинақтар сомасы 17 пайызға артты. Мысалы, ерікті зейнетақы жинақтары бойынша бір жыл ішіндегі өсім 4 пайызды құраса, жыл басынан бері ерікті зейнетақы жарналары бойынша түсім – 287 млн теңге болды.  
Ағымдағы жылдың 10 айында ішінде зейнетақы төлемдері 170,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде:  
- зейнет жасына толуға байланысты – 55,0 млрд теңге;
- 1 және 2 топта мерзімсіз мүгедектігі бар жандарға – 1,5 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 39,6 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша – 22,9 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты – 2,6 млрд теңге;
- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге;
- өмірді сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) – 48,5 млрд теңге төленді.
Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 21 050 теңгені құрады. Бұл ретте ай сайынғы ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.
Жыл басынан бері салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 551,1 млрд теңгені құрады. Ал зейнетақы активтерінің табыстылығы 2019 жылдың 10 айы ішінде 5,7 пайызды көрсетті. Бұл кезеңдегі инфляция 3,9 пайыз болды. Жылдық тұрғыдан алғанда зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8 пайызға жетсе, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 5,5 пайызды көрсетті.
БЖЗҚ құрылғаннан бері (2014 – 2019 жылдың қазаны) зейнетақы активтері бойынша жинақталған инвестициялық табыстылық 68,4 пайызды құраса, осы кезеңде жинақталған инфляция 55,1 пайыз болды. Яғни, инфляциядан асып түсетін нақты табыстылық - 13,3 пайыз. Сәйкесінше зейнетақы активтерінің табыстылығы оң сипатқа ие деген сөз.   
Қазіргі уақытта зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша негізгі бағыттардың бірі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына салынған инвестиция (ол 01.11.2019 ж. қарай зейнетақы активтерінің шамамен 38,2%-ына тең). Оның анағұрлым сенімді қаржы құралы екені белгілі. Бұдан басқа ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациясына (15,6%), ҚР екінші деңгейдегі банктерінің бағалы қағаздарына (15,4%), шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына (14,5%), шетелдік банктердегі депозиттерге (2,8%), халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына (2,9%) және басқа да қаржы құралдарына жұмсалған инвестицияларды атап өтуге болады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі бағалы қағаздар, эмитенттер, мемлекеттер және валюталар бойынша кең түрде әртараптандырылған. Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі валюталық тұрғыда былайша келтірілген: ұлттық валютадағы инвестиция көлемі – 65,8 пайыз, ал шетелдік валютада (негізінен АҚШ долларында) номиналданған қаржы құралдарына салынған инвестиция шамамен 34,2 пайыз болды.  
Қор салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыра отырып, оларды жетілдіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мысалы, таяуда БЖЗҚ ұялы қосымшасына жаңа - Push-хабарлама қызметі енгізілді. Бұл экранда көрсетілетін қысқаша хабарлама. Ол ұялы қосымшаны пайдаланушыларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түскендігін дер кезінде құлағдар етіп отырады. Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz
сайтында).
05 желтоқсан 2019 ж. 708 0