Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел алғысы

Ел алғысы

Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң ауылы аудан орталығынан шалғай жатса да, заман талабына сай тіршілік етуде. Ауылымызда 700-ге тарта тұрғын тұрады. 110 үй түтін түтетіп, тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Уақыт көшіне лайықты байланыс телефоны орнатылған. Қаламен байланыс жасау үшін аудан орталығына күнделікті және облыс орталығына кесте бойынша автобус қатынап тұрады. Биылғы жылдың өзінде ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен мешіт ашылып, ауыл сәнін келтіретін тұрғын үйлер бой түзеп, көркін ашуда. Осы елді мекеннің тұрғыны ретінде ауылдағы кейбір шешілуге тиісті мәселелерді басшыларға жеткізу ел игілігі үшін қажет деп ойлаймын. Аудан әкімі М.Оразбаевтың халықпен есепті кездесуінде ауыл ақсақалдары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдаған болатын. Солардың бірі – ауылішілік су құбырын жүргізіп, үйлерге ауызсу кіргізу. Аудан басшысы М.Оразбаев бұл түйткілдің шешімін табуда аянып қалған жоқ. Ауылымызға арнайы келіп, құбыр жүргізу жұмыстарының басында болып, мердігер компания өкілдеріне құрылысты сапалы аяқтау жөнінде тапсырма берді. Қазіргі таңда Бөген мен Қарашалаң елді мекендерінің аралығына құбыр жүргізу жұмыстарын “КөлсайСтрой” ЖШС қолға алды. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға бейжай қарамай, қуанышымызды бөліскеніне ауыл тұрғындары атынан аудан әкіміне алғыс білдіреміз.

Жеткерген Жалғасбаев,
Қарашалаң ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы
10 желтоқсан 2019 ж. 979 0