Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды

Қызылордада жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды

Қызылорда қаласының орталық алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті. Шыршаның биіктігі 23 метр, ені 10 метр деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Сыр жұртшылығын келе жатқан мерекемен құттықтап, 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтты.
«Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" дегендей, жаңа жылды - жақсылықтың жаршысы деп қабылдап, әрқашан одан жақсы жаңалықтар күтеміз. 2019 жылдың еліміз үшін де, аймағымыз үшін де өзгерістерге толы берекелі де жемісті, жетістіктері мол мерейлі жыл болды. Облыста барлық сала бойынша көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткіздік. Мұнай өндіру көлемі азайғанымен, экономиканы әртараптандыруға бағытталған шаралар жақсы нәтиже берді. Өңірімізде айтулы бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асып, аймақ тұрғындарының әлеуметтік әлеуеті артып, экономикамыз қарқынды дамыды. Инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үй беру, ауылшаруашылығында өнім өндіру, өңдеуші өнеркәсіп көлемі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін бірқатар көрсеткіштер бойынша нәтижелерімізді жақсарттық», - деді облыс әкімі.
Облыстың бас шыршасын жағу мәртебесі өңіріміздің мақтаныштары «Айтыстың Ақтаңгері» атағын алған Мұхтар Ниязов, КТА ойындарының 2019 жылғы чемпионы Қорқыт құрамасының капитаны Нұрлыбек Асанбаев, 2019 жылдың Қазақстан кубогының иегері «Қайсар» футбол командасының капитаны Думан Нарзілдаев 2019 жылдың қазақ күресінен әлем чемпионы Нұрым Сәлімгереев, 2019 жылдың «Бала дауысы» республикалық байқауының жүлдегері Сезім Қаһарман, Халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері Ділназ Төлегенге табысталды.
Мерекелік іс-шара концертпен жалғасты.
25 желтоқсан 2019 ж. 933 0