Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетел Парламенттерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Шетел Парламенттерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Алматыдағы әуе апатына байланысты басқа елдер Парламенттерінің Спикерлері көңіл айтуда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атына басқа елдердің Парламенттерінен ұшақ апатының салдарынан жолаушылардың қаза табуына байланысты көңілайту жеделхаттары келіп түсуде.
"Армения Республикасының Ұлттық Ассамблеясы атынан және жеке өз атымнан "BekAir" ұшағының апатқа ұшырауының салдарынан жолаушылардың қаза болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын", - делінген Армения Ұлттық Жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянның жеделхатында.
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш төрағасы Дастан Жұмабеков те қазақстандық әріптесіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттары атынан және өз атымнан Сізден қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айту және қолдау сөздерімді жеткізулеріңізді сұраймын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспін", - делінген Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володиннің жеделхатында.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Спикері Мұстафа Шентоп түрік халқы бауырлас Қазақстан халқымен орны толмас ауыр қайғы-қасіретті бөлісетінін атап өтті.
Мәжіліс Спикері атына көңіл айту жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
28 желтоқсан 2019 ж. 561 0