Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот реформалары – халық игілігіне

Сот реформалары – халық игілігіне

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге айқын бағдар берген «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында барлық саланың дамуын арттыру бағытында негізгі міндеттердің қамтылғаны белгілі. Биліктің қай саласы болсын мемлекетке, халыққа қызмет етеді. Сот билігі де ел азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғап, өркениетті мемлекетті қалып- тастыруда маңызды рөлге ие. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі рефор- малар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Прези- дент Жолдауда сот шешімдерінің са- пасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екендігін атап өтті. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шыға- ру құқығы мызғымас сипатқа ие, де- генмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжі- рибесін орнықтыру қажеттігіне де арнайы тоқталды. Қазіргі уақытта аталған бағыттар бойынша нақты жұмыстар істелуде. Атап айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында соттарды одан әрі жаңғыртудың маңызды құралы болып табылатын «Сот жүйесінің жеті түйіні» басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Тиімді судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды артық жүктемеден арылту, соттардағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуге бағытталған 17 заң жобасы дайындалды. Сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселесіне тоқталсақ, Жоғарғы Сот жергілікті соттар және заң қауымдастығымен бірлесіп аталған бағытта нәтижелі жұмыстарды жүзеге асырды. Аталған жұмыстың нәтижесінде Жоғарғы Соттың «Сот үкімі туралы» және «Сот шешімі тура- лы» нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соны- мен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы тура- лы» жаңа нормативтік қаулы қабылданды. Бүгінде сот актілері осы нормативтік қаулыларға сай, қысқа және үйлесімді, заң терминологиясының артық «кептелуінсіз» жазыла бастады. Ал ең бастысы, судьялар сот шешімін жариялаған соң, тараптарға не себептен нақ осындай шешім қабылдағанын түсін- діреді. Өйткені сотқа қатысушы тараптардың барлығы заңгер емес. Сондықтан құқықтық терминдердің мағынасына қатысты түсінбеушілік бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдануға апарады. Ал сот актілерін процеске қатысушыларға қарапайым тілмен, көзбе-көз түсіндіру тараптардың көңіліндегі күдікті тыятыны анық. Бұл жаңашылдық қазір жемісін беріп, сот шешіміне қанағаттанушылар саны күрт көтерілді. Сондай-ақ Президент азаматтардың жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жататындығын және олардың мүмкіндік- терін мемлекеттік аппараттың ресурс- тарымен салыстыру мүмкін еместігіне байланысты теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерек- ше тетігі ретінде әкімшілік әділет құры- лымын енгізу қажеттігін де айтқан бола- тын. Дауларды шешу барысында соттың қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы екендігіне және атал- ған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетіндігіне де нақты тоқталды. Соған сай, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс. Сондай-ақ Жолдауда айтылған тағы бір күрделі мәселе – шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартқандығы. Алайда елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр, заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырдық. Жыныстық зорлық-зомбылық, пе- дофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлықзомбылық, браконьерлік және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жа- заны шұғыл түрде қатайту қажеттігін атап өткен Мемлекет басшысы, бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тап- сырды, яғни аталған жазаны қатайту – ең негізгі міндеттердің бірі болып отыр.

С. Бертай,
Арал аудандық сотының судьясы
18 қаңтар 2020 ж. 642 0