Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СУ МАРЖАНЫН СҮЗГЕН МЕКЕН

СУ МАРЖАНЫН СҮЗГЕН МЕКЕН

Жергілікті атқарушы биліктің халық алдындағы есепті кездесуі Арал ауданы Мергенсай ауылдық округінде өтті.
Жиын барысында ең алдымен аумақтық учаскелік полиция инспекторы С.Алматұлы мен ауылдық округ әкімі М.Құтмамбетов баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстарды тарқата айтты.
Осы орайда, округ бойынша атқарылған жұмыстарға келсек, өткен жылы Жалаңаш ауылының бір көшесіне толықтай түнгі жарық шамдары орнатылды.
Кәсіпкерлік бағытында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бастау Бизнес» курсы бойынша 8 адам сертификат алса, 1 адам «Жас кәсіпкер» курсын оқып бітірген. Соның ішінде, ауылшаруашлығын қаржылай қолдау қорынан ауыл тұрғыны Б. Құлжұмыров 1 400,0 мың теңге несиеге қол жеткізіп, жылқы шаруашылығымен, Ж.Әйімбетов 1 400,0 мың теңге несие алып, түйе шаруашылығымен айналысып отыр. Сонымен қатар 3 ауыл тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 505 мың теңгеден қайтарымсыз грант жеңіп алып, өз кәсіптерін бастауда.
Жалпы ауылдық округ халқы негізінен балық және мал шаруашылығымен айналысады. Осы орайда, су маржанын сүзген «Аста» ЖШС өз қаржысына Жалаңаш ауылынан балық өңдеу цехын салуда.
Аталған жетістіктерге қол жеткізген Мергенсай тұрғындары одан әрі аудан әкімі М.Оразбаевтың есебіне құлақ түріп, ауқымды істердің атқарылғанына алғыстарын білдіріп, оң баға берді. Жиын соңында ауыл тұрғындары ауылдық округтегі медициналық бекетке жедел-жәрдем автокөлігін бөлу, Жалаңаш елді мекенінде электр энергиясының бірқалыпты берілуін ретке келтіру, ұялы байланыс орнату сынды бірқатар мәселелерді көтерді. Аудан әкімі аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар қолға алынатындығын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
20 қаңтар 2020 ж. 676 0