Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Ашық есік күні» өткізілді.
Ашық есік күнінің негізгі мақсаты - халықтың көкейтесті мәселелерін зерттеп, оларға заңды түрде түсініктеме беру.
Осы орайда, бүгінгі қабылдау шарасында аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелері бойынша сауалдары мен өтініш-тілектерін жеткізді. Азаматтарды қабылдау барысында негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй, жер, кәсіпкерлік салаларына қатысты мәселелер айтылды.
Аталған шара аясында әрбір тұрғынның өтініштері мұқият тыңдалып, шешілу жолдары бойынша заңдылығына сәйкес түсініктеме берілді. Соның ішінде жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып, өзге де мәселелер аудан әкімі мен тиісті сала басшыларының назарына алынды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
04 ақпан 2020 ж. 1 425 0