Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түймебаевқа тапсырма: дүңгендер қазақша үйреніп, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауы тиіс

Түймебаевқа тапсырма: дүңгендер қазақша үйреніп, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауы тиіс

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүңген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді. 


13 ақпан 2020 ж. 599 0