Білім қызметкерлері арасында турнир басталды
Спорт – барша әлемді бірлікке бастайды, достық пен татулық қарым-қатынасын орнатуға ықпал етеді және адам денсаулығының кепілі. Аудандағы білім қызметкерлері жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы тәрбие берумен қатар, салауаттылық пен сергектікті де жандарына серік етіп келеді.
Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің 110 жылдық мерейтойының іс-шаралар жоспарына сәйкес, футзалдан аудандағы білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында Арал ауданына белгілі спортшы, ұлағатты ұстаз, көп жылдар мектеп-лицей оқушыларын спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жемісті еңбек етіп, жас ұстаздарға ақылшы болған Қуанышбаев Нұрлан Асанұлын еске алуға арналған аудандық турнир өткізілуде.
Нұрлан Асанұлы білікті ұстаз, белгілі спортшы ретінде талай сайыстарда аудан намысын абыроймен қорғай білді. Ол тек қана дене тәрбиесі пәні мұғалімі емес, ең алдымен көптеген жас өрендердің спортқа деген сүйіспеншілігін оятып, бойындағы талантын аша білген тәлімгер еді. Шәкірттеріне спортта да, өмірде де алға қойған мақсаттарына жету жолдарын үйретті. Жауапты, парасатты, әділ болу, өз сөздері мен әрекеттеріне жауап бере білуге тәрбиеледі.
Турнирдің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы Жанназарова Санира Нұрқожақызы ұрпақ тәрбиесінде маңызы ерен спорттық шараға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, Нұрлан Асанұлының қызметтік өмір жолдарына тоқталып өтті. Бүгінгі жарысты ұйымдастырып отырған №14 мектеп-лицей ұжымы мен белгілі спортшының отбасына алғысын білдірді. Нұрланның анасы Күнзада Төлегенқызы турнирдің ашылу салтанатына қатысқандарға барша көпшілікке ақ батасын берді. Өз кезегінде пікір білдірген Н.Қуанышбаевтың туыстары мен достары осы жарысты ұйымдастыруға ат салысқан аудандық білім бөліміне және №14 мектеп-лицей ұжымына рақметтерін айтып, ел ертеңін тәрбиелеудегі істеріне сәттілік тіледі.
Жарысқа аудандағы білім беру ұйымдарынан13 команда қатысуда.

Додалы бәйге екі күнге созылады.