Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Толқын» – тілеулесім, газеттен танылды елге ісім

«Толқын» – тілеулесім, газеттен танылды елге ісім

2018 жылғы дерекке сүйенер болсақ, әлемдегі  256 ұлттың басым бөлігі Қазақстанда тұрады дейді. Кейбір деректерге сүйенсек, бұл Қазақстан 130-дан астам ұлттың бір шаңырақ астында өмір сүруіне жағдай жасап отыр деп көрсетіледі. Дегенмен мәселе қанша ұлтта емес, олардың бірлігінде дер едім.
Иә, бірнеше ұлт өкілін бір елде бірлікте ұстап отырған Қазақстанның қашанда таңдауы – татулық жолы. Ширек ғасырдан сәл астам уақытта ел егемендігін еңселі ету мақсатындағы бұл ұстанымы бүгінде әлем елдеріне үлгі болуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясында сөз сөйлеп, БҰҰ – бүкіл адамзаттың мүддесін қорғайтын әмбебап әрі бірегей ұйым екенін мәлімдеді.
– Бүгінде Ұлттар ұйымы ғаламдық даму және өркениеттер сабақтастығын қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарып келеді. Бас хатшы Антониу Гутерриштің әр адам мен мемлекет тағдырын ортақ құндылық деп тауып, назардан тыс қалдырмау идеясын Қазақстан толық қолдайды, – дей келе,  – ескі қақтығыстардың қайта қаулап, әлемнің әр түкпіріндегі жағдайдың ушығуы бұрынғы бөліністердің жігін ашып, жаһандық державаларды толықтай әскери қақтығыс жағдайына жеткізіп, жаңа мәселелер туындатып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. – Осындай күрделі жағдайда Қазақстан инклюзивті және тұрақты даму, жан-жақты диалог пен бейбітшілікті сақтау саясатын ұдайы жүзеге асырып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Рас-ақ. Ел егемендігі бірінші кезекте бірлікте екенін күнделікті көзбен көріп, естіп жүрміз. Бұл ретте мемлекет саясатын насихаттауда, ақпараттандыру айдынында тынбай еңбек етіп келе жатқан аудан айнасы – «Толқын» газетінің де үлесі зор. Қашанда жағымды жаңалықтармен жұртшылыққа қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамның қай саласына болмасын қалам тербейтін ұжым өкілдері бүгінде бейбітшілік пен бірліктің жаршысына айналған. Кәсіпкерлік, спорт, өзге де жетістіктерді жариялауда қай ұлт өкілі болмасын Қазақстан азаматтарын өз ұлым, өз жерлесім деп білген басылымға алғыс айтамын.
Көп жылдан бері жергілікті басылымның әр санын асыға күтіп отырамын.
Ел арасындағы татулық көпіріне айналған «Толқынның» биылғы
90 жылдығында көңілімнің төріндегі алғысымды айтуды
өзіме парыз санаймын.

Виктор Чумаш,
№13 Т.Г.Шевченко атындағы орта мектептің мұғалімі
29 ақпан 2020 ж. 969 0