Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі берік бауырмал халық

Бірлігі берік бауырмал халық

Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары беттеріндегі жаңалықтарды қалыс қалдырмай оқып отырамын. Жақында ғана ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевты қабылдады.
– Қазақстан – полиэтникалық мемлекет. Бұл тарихи қалыптасқан дүние. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің көпұлтты халқымыз бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне белсенді атсалысып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этностарын біріктіреді. Мен Ассамблеяға және бүкіл Қазақстан халқына осы жылдар ішінде саясатымды қолдағаны және біздің елімізді нығайтқаны үшін өте ризамын. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретінде жұмысқа белсенді қатысуға, барлық істерде Ассамблеяны қолдауға және оның жұмысын жергілікті жерлерде күшейтуге ниеттімін. Қазақстан халқы Ассамблеясына қоғам өміріне белсенді түрде араласуды әрі қарай жалғастыру маңызды, – деді Елбасы.
Осынау ширек ғасырлық уақыт бойына мемлекет тарапынан жасалған қолдауды анық көріп келеміз. Қазірде аудандағы биыл 90 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған «Толқын» газетінде жұмыс істеймін. Бізге ешкім «ұлты бөлек» деп бөле-жара қарамайды. Біз де бір мемлекеттің аспанының астында алаңсыз, бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Елдің дамуы мен өсімі басты мақсатымыз болып мәңгілікке қала бермек. Осының өзі әрбір Қазақстан азаматы бақытты ғұмыр кешіп жатыр деуге келеді. Елдің бірілігі мен ауызбіршілігін алға қойған ел ретінде біртұтастықтың үлгісін көрсетіп, дамудың тұрақты жолында келеміз. Мұны ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының Жалпы дебатында:
– Бүгінде Ұлттар ұйымы ғаламдық даму және өркениеттер сабақтастығын қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқарып келеді. Бас хатшы Антониу Гутерриштің әр адам мен мемлекет тағдырын ортақ құндылық деп тауып, назардан тыс қалдырмау идеясын Қазақстан толық қолдайды, – деп нақтылай кетті.
Александр Амелькин
20 ақпан 2020 ж. 802 0