"Адал көмек" науқаны өз жұмысын жалғастыруда

"Адал көмек" науқанында мамандар кеңесіне жүгінген жұртшылықтың басым көпшілігі жер, тұрғын-үй қатынастары сынды мәселелермен келіп, мамандардан толымды заңдық кеңес алды.
Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар түйткілді сұрағына жауап алып, толық мәліметке қанықты.
Айта кетсек, ақысыз жүргізілген "Адал көмек" беру науқаны алдағы уақытта әр аптаның сенбі күні, Арал ауданы әкімдігі ғимаратының 1 қабатында сағат 10:00-13:00 аралығында тұрақты жүргізілетін болады.