Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 67-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 67-ге жетті

Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 29-ға жетті. Соңғы тәулікте оңтүстік астанада вирус жұқтырған тағы үш адам тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 24 наурыздағы 10:40 сағ жағдай бойынша Алматыда тағы бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.
Осылайша елімізде вирус жұқтырған саны 67-ге жетіп отыр. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1 адам.
Еске сала кетсек, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.
Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.
Төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.
Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.
24 наурыз 2020 ж. 729 0