Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шұғыл!!! Неге әлі бейқамбыз?!

Шұғыл!!! Неге әлі бейқамбыз?!

Құрметті ағайын!
Біз әлі де бейқамбыз! Неге?!... Індет енді іргемізде емес, ішімізге келді, соны түсінсек екен. Әкімдік көтерген бастамаға үн қосып, белгіленген тәртіпке бағынсақ вирусты түншықтыра алатынымызды сан мәрте айтып келеміз. Алайда кей тұрғындар қарапайым ғана қағидаларды сақтамауда. Бұл өзінің көпке қауіп төндіретінін түсінбеудің салдары. Бүгінде ауданда тіркелген бір науқас 23 наурыз күні Қызылорда-Арал бағытындағы автобуспен қатынағаны анықталып отыр. Алайда сол күнгі автобуста болған азаматтарды анықтау қиынға соғуда.

Сондықтан сапарда болған, Құрметті ЖОЛАУШЫ!

Медицина қызметкерлеріне ауруды ауыздықтауға мүмкіндік беруіңізді өтінеміз. Өзіңізге ғана емес өзгеге де зиян тигізуге жол бермеңіз. Сіздің сақтық үшін жасаған ниетіңіз көптің денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан 23 наурыз күні Қызылорда-Арал бағытындағы сағат 11.00-дегі рейспен "KZ 449 GBA 11" нөмірлі жолаушылар автобусымен (икарус) Арал қаласына сағат 17.30 шамасында келген азаматтар 8 702 377 31 50 байланыс номеріне хабарласуыңызды өтінеміз. Мәліметтер құпия сақталатынына сеніңіз.

"Біз біргеміз" деген жалпыхалықтық ұранымыз тек сөз жүзінде қалмаса екен.
10 сәуір 2020 ж. 437 0